11 мамыр 2020 16:21

Илья Ильин ресми түрде карьерасын аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спорттық карьерасын ресми түрде аяқтады. Енді ол өзі дүниеге келген Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" кешенінің директоры, - деп хабарлайды Vesti.kz "Кызылординские вести" сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айында Ильин облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездескенін хабарлаған болатын. Ауыр атлет алдағы уақытта карьерасын аяқтамайтынын және спорттық менеджментте өзін сынап көруді жоспарлап отырғанын айтқан.

Мамырдың басында Ильин Vesti.kz сайтының Instagram-дағы парақшасында жүрген тікелей эфирде коронавирус пандемиясы салдарынан 2021 жылға көшірілген Олимпиада-2020-ға қатыспау туралы шешімін мәлімдеді. 

Айта кетейік, 31 жастағы ауыр атлет 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдағы Әлем чемпионаттарының жеңімпазы. 2016 жылы ол допингке қайта тест тапсырғаннан кейін 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңген алтын медальдарынан айырылып, екі жылға жарыстардан шеттетілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети