19 қазан 2021 11:10

Қазақстан құрамасының бас бапкері ауыр атлеттердің шағымына байланысты қызметінен шеттетілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:wfrk.kz Фото:wfrk.kz

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ауыр атлетика федерациясының (ФТА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ауыр атлетика федерациясының (ФТА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл шешім Алматы қаласында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды.
Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті.

Осыған дейін ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов жұмыстан шеттетілген болатын.

Еске салайық, Алматыда ауыр атлеттердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, онда олар Қазақстан құрамасы мен ауыр атлетикадағы жағдай туралы ашық айтты. Оған 25 жастағы Альберт Линдердің өлімі себеп болды. Спортшылардың айтуынша, спортшының өз-өзіне қол жұмсауы Қазақстандағы ауыр атлетикадағы жүйелік мәселелердің нәтижесі болған. Полиция өлім дерегі бойынша "Өз-өзіне қол жұмсау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

25 жасар ауыр атлет қайтыс болғаннан кейін, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Сергей Седовқа бірнеше айып тағылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети