27 қазан 2021 08:32

Қазақстандық боксшы Әлем чемпионатында Өзбекстанның олимпиада чемпионын жеңді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Qazsport © Qazsport

Белградтағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Хасанбой Досматовты тізе бүктіріп, сенсация жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы қазақстандық боксшы мен 28 жастағы өзбекстандықтың жекпе-жегі 26 қазан күні өтті. Олар 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Жерлесіміз кездесуді ұпай бойынша жеңіп шықты.

Бибосынов келесі қезеңде қырғызстандық Азат Үсеналиевтен басым түскен Үндістан боксшысы Дипакпен ұшырасады.

Айта кетейік, бұған дейін турнирде Серік Теміржанов (57 келіге дейін) пен Абылайхан Жүсіпов (67 келіге дейін) өнер көрсеткен еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети