28 қараша 2022 08:57

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін отандастарына жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін отандастарына жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшы өзіне қолдау білдірген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді.

"Осыған ұқсас хаттар көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа мықты болып ораларым сөзсіз. Алар асуымыз алда", - деп жазды Ербосынұлы.

Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA-дің "тұрақты" әлем чемпионы атағы үшін өтті. Жекпе-жектен кейін ол шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған "миына қан кету" диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети