17 сәуір 2022 15:52

Роналду хет-трик бойынша рекорд орнатқаннан кейін миллион еуро бонус алады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду "Норвичке" қарсы ойында хет-трик жасағаны үшін бонус ретінде 1 миллион еуро (850 мың фунт) алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду "Норвичке" қарсы ойында хет-трик жасағаны үшін бонус ретінде 1 миллион еуро (850 мың фунт) алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) 33-ші турындағы ойында "Норвич Ситиді" 3:2 есебімен ұтты. Бұл матчте Криштиану Роналду зет-трик жасады. Үшінші голды португалиялық "Манчестер Юнайтед" футболшысы айып добынан соқты.

Роналду осы маусымда екінші рет хет-трик жасап отыр. Бұған дейін "Тоттенхэм" қақпасына үш гол соққан (3:2). Сондай-ақ, ол маусымда бесінші рет екі немесе одан да көп гол соқты.

Криштиану мансабында 60-шы хет-трик жасады (оның оны Португалия құрамасы сапында). Бұл барлық футболшылар арасындағы үздік нәтиже. Роналдудың артынан "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси келеді, оның мансабында 55 хет-трик бар.

37 жастағы Роналду "МЮ" сапына 2021 жылы қайта қосылған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети