17 сәуір 2022 11:41

Роналду мансабында 60-рет хет-трик жасап, рекорд орнатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 60-хет-трикін жасап, футболшылар арасында рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 60-хет-трикін жасап, футболшылар арасында рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) 33-ші турындағы ойында "Норвич Ситиді" 3:2 есебімен ұтты. Бұл матчте Криштиану Роналду зет-трик жасады. Үшінші голды португалиялық "Манчестер Юнайтед" футболшысы айып добынан соқты.

Роналду осы маусымда екінші рет хет-трик жасап отыр. Бұған дейін "Тоттенхэм" қақпасына үш гол соққан (3:2). Сондай-ақ, ол маусымда бесінші рет екі немесе одан да көп гол соқты.

Криштиану мансабында 60-шы хет-трик жасады (оның оны Португалия құрамасы сапында). Бұл барлық футболшылар арасындағы үздік нәтиже. Роналдудың артынан "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси келеді, оның мансабында 55 хет-трик бар.

 
37 жастағы Роналду "МЮ" сапына 2021 жылы қайта қосылған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети