12 мамыр 2022 09:17

Роналду мен Месси емес. Бір жылда ең көп табыс тапқан спортшы белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леброн Джеймс. REUTERS© Леброн Джеймс. REUTERS©

"Лос-Анджелес Лейкерс" клубының көшбасшысы Леброн Джеймс әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


"Лос-Анджелес Лейкерс" клубының көшбасшысы Леброн Джеймс әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Соңғы бір жылда баскетболшы 126,9 миллион АҚШ долларын тапқан. Осылайша, ол өзінің спорттық карьерасында бір жылдың ішінде ең көп табысқа кенеліп отыр.

Алайда командасымен жасалған келісімшарт бойынша ол бір жылда небәрі 36,9 миллион доллар алған. Қалған табысы жарнама арқылы түскенін айта кеткен жөн.  

Леброннан бөлек ҰБҚ (NBA) ойнайтын тағы алты спортшы үздік ондыққа кірді. Олар: Стефен Карри ("Голден Стэйт Уорриорз"), Кевин Дюрант ("Бруклин Нетс"), Джеймс Харден ("Филадельфия Сиксерс"), Яннис Адетокунбо ("Милуоки Бакс"), Рассел Уэстбрук ("Голдэн Стэйт") және Клэй Томпсон ("Голдэн Стэйт").

Көп табыс тапқан ойыншылар арасында Лионель Месси (122 миллион), Криштиану Роналду (115 миллион) және Неймар (103 миллион) бар. 

Боксшылар арасында Сауль Канело Альварес те бір жылда ең көп табыс тапқан он спортшының қатарына енді. Жуырда ресейлік Дмитрий Биволдан ұпай санымен жеңілген Канело бір жылда 89 миллион АҚШ доллар табыс көрді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети