11 тамыз 2022 08:47

Тәжікстандық ММА файтері қатал тәртіптегі түзеу мекемесіне ауыстырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жектегі танымал файтерлердің бірі Чоршанбе Чоршанбиев Тәжікстанның ең қатал тәртіптегі түзеу мекемелерінің біріне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аралас жекпе-жектегі танымал файтерлердің бірі Чоршанбе Чоршанбиев Тәжікстанның ең қатал тәртіптегі түзеу мекемелерінің біріне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чоршанбиев ғаламтор арқылы ел конституциясына күшпен өзгеріс енгізуге халықты үгіттегені үшін сегіз жыл алты айға бас бостандығынан айырылған еді. Жазасын ары қарай өтеу үшін ол қатал тәртіптегі ходжандық түзеу мекемесіне ауыстырылды.

Ходжандағы түзеу мекемесінде 2018 жылы қарашада жазасын өтеушілер арасында дүмпу болып, нәтижесінде 25 адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде екі түрме қызметкері бар.

Қоса кетейік, файтер ММА-де он кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен. Алайда памирлік спортшы өз атын аудиториясы басқа поп-ММА арқылы шығарған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети