09 мамыр 2020 15:54

UFC турнирі мен Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегін қайда және қашан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram.com/tonyfergusonxt Сурет: instagram.com/tonyfergusonxt

Ертең, 10 мамыр таңғысын АҚШ-тың Джексонвилл қаласында UFC 249 турнирі өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ертең, 10 мамыр таңғысын АҚШ-тың Джексонвилл қаласында UFC 249 турнирі өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шоудың басты кездесуінде екі америкалық файтер - Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи уақытша чемпион титулы үшін жұдырықтасады. Сонымен қоса, бұл жекпе-жек кардында Генри Сехудо мен Доминик Круз өте жеңіл салмақтағы чемпион атағы үшін айқасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Бұл турнир көрерменсіз өтетінін айта кетейік. 

Қазақстан уақытымен турнир 10  мамыр таңғысын жүреді, дегенмен, қазақстандық арналар оны көрсетпейді. Турнирдің тікелей трансляциясын UFC TV (TV COM және Otau TV желілері) мен РЕН ТВ арналарынан көруге болады. Сонымен қоса, UFC 249 турнирін TV COM қосымшаларындағы SmartTV (Samsung/LG) тележүйесінен тамашалауға болады. UFC TV трансляциясының басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 06:00, ал басты жекпе-жек шамамен 10:00-де басталады.

Сонымен қатар, жекпе-жектер басталар кезге жақын тікелей көрсетілімге сілтемелер береміз. 

Еске салайық, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта чемпион Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен жұдырықтасу керек болған. Бірақ турнирдің өтетін орны коронавирусқа байланысты ұзақ уақыт белгісіз болғандықтан, ресейлік файтер АҚШ-тан кетіп, Дағыстанға барған еді. Ақыры промоушен Хабибті америкалық Джастин Гэтжимен алмастырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети