11 жастағы қазақстандық Софи Манасян АҚШ-та дарынды деп танылды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Фото:instagram.com/sofimanassyan © Фото:instagram.com/sofimanassyan

АҚШ-тың Білім департаментінің өкілдері 11 жастағы қазақстандық Софи Манасянды дарынды деп таныды. Оған Gifted (дарынды) таңбасы бар хат келіп түскен, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Білім департаментінің өкілдері 11 жастағы қазақстандық Софи Манасянды дарынды деп таныды. Оған Gifted (дарынды) таңбасы бар хат келіп түскен, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Анасы Ольга Манасянның айтуы бойынша, қызы ағылшын тілін үзбей оқыған екен. Оған қоса академиялық жетістіктері мен мектеп сабақтары бойынша бағалары жоғары болған. Бірнеше ай бұрын ол Лос-Анджелесте мектеп окуругінің арнайы комиссиясының өкілдерінен бірнеше кезеңнен тұратын тыңдаудан өткен. Қазіргі уақытта Софи АҚШ-тың білім базасына еніп, ол жақта Gifted (дарынды) белгісімен студент ретінде тіркелген.

"Жаңа дәреже оған арнайы бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік береді. Ол жақта Софи өзінің өнерге деген дарынын одан әрі дамыта алады. Оған қоса ол арнайы мемлекеттік бағдарламаларға арналған гранттың иесі болуы мүмкін. Гранттар дарынды балаларға арналған. Алдағы уақытта біздің мамандандырылған ЖОО-ға түсуге де мүмкіндігіміз болады", - деді Софидың анасы.

Соңғы екі жыл бойы алматылық қыз Америкада тұрады. Осы уақытқа дейін Софи Манасян ағылшын тілін жетік меңгеріп алған. Сондай-ақ, академиялық жетістіктерге жеткен. Бұл жетістіктер жас қызға Gifted дәрежесін алуға және жалпы тыңдаудан өтуге көмегін тигізді.

Софи АҚШ-тың азаматы болмай-ақ және оған ағылшын тілі ана тілі болмаса да табысқа жете білді. Софи Манасян халықаралық би конкурстарына қатысып, танымал болды. Ол небәрі алты жасында австриялық "Минута славы" шоуына да қатысқан. Төрт жасында Софи "Маленькая королева мира - 2012" байқауының вице-аруы атағын жеңіп алған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer