111 жастағы ұлыбританиялық ұзақ жасаудың бір құпиясы ретінде виски ішуді атады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
111 жастағы ұлыбританиялық ұзақ жасаудың бір құпиясы ретінде виски ішуді атады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Ағылшын Назар Сингх (Nazar Singh) Ұлыбританияның ең егде жастағы тұрғыны болып есептеледі. The Daily Mirror басылымының мәліметінше, ер адам 111-ші туған күнін атап өту кезінде бір саптыаяқ сыра мен бір бокал виски ішкен. Сингх ұзақ өмір сүрудің құпиясы көп ұйықтау мен, салауатты өмір салтын сақтауда және виски ішуде деп атады.
Сингхтың ұлы Чеин Сингх Гиллдің (Chain Singh Gill) айтуынша, оның әкесі күніне 10 сағат ұйықтайды, сүт пен бадам майын ішкенді ұнатады және жеміс-жидекті көп жейді. Назар Сингх 111 жылдың ішінде бірде-бір рет операция жасатпаған, тіпті тістерінің бірнешеуі өзінікі, әлі күнге түспеген, құлағы да жақсы естиді.
Айта кетейік, Назар Сингх 1904 жылы 8 маусымда Үндістанның кішігірім ауылында дүниеге келген. 1932 жылы ер адам Үндістанның дәстүрі бойынша некеге келісіммен отырған. Көрші ауылдың Нарайан Каур (Narajan Kaur) есімді қызы оған 9 перзент сыйлапты. Әйелі 90 жасқа келіп, осыдан 12 жыл бұрын көз жұмған. Сингхтың 9 баласынан 34 немере, 64 шөбересі бар.