08 наурыз 2016 10:44

8 Наурыз мерекесі соғыс кезінде қалай тойланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Amic-polit.ru © Amic-polit.ru

Көктемнің басты мерекесі - 8 Наурыздың тойланып келе жатқанына жүз жылдан асты. Tengrinews.kz тілшісі осы орайда Ұлы Отан соғысының ардагерінен майданда әйелдер күнінің қалай атап өтілгенін сұрап білді.


Көктемнің басты мерекесі - 8 Наурыздың тойланып келе жатқанына жүз жылдан асты. Tengrinews.kz тілшісі осы орайда Ұлы Отан соғысының ардагерінен майданда әйелдер күнінің қалай атап өтілгенін сұрап білді.

Ардагер Тамара Максимова 8 Наурызды алғаш рет 30 жасында тойлаған. "Мен майданда госпитальда болдым. Бізге жарақат алғандар толассыз келіп жататын. Мереке туралы мүлде ойламадық. Ең алғаш бұл мерекені 1955 жылы қарсы алдым. Ол кезде алғаш рет кір жуатын машина алған едік. Маған көршілерім 8 Наурыз екенін айтып, неліктен кір жуып жатқанымды сұрады. Ал менің "Мен емес, машина ғой жуып жатқан", - деп жауап бергенім есімде", - деді ол.


Тамара Александровна Максимова . © Tengrinews.kz 

Соғыс басталған кезде Тамара 17 жаста болған. Басқа балалар сияқты ол да мектептен кейін әскери коммисариатқа жазылуға асыққан. "Біз өте патриот болдық. Түрлі себеппен іріктеуден өтпегендер үшін бұл үлкен қайғы болатын", - деді ардагер.


Ұлы Отан соғысы кезінде түсірілген сурет

Ол әскери ауруханада алғашында тіркеуші болып жұмыс істеген, кейін мейірбикелікке ауысқанын айтты. "Майдандағы әрбір адам хат күтетін. Егер оған хат келсе, өзін біреудің күтіп отырғанын біліп, үйіне оралуға тырысатын. Мен майданда өз күйеуіме де көмек көрсеттім. Ол екеуміздің хат алмасуымыз 1946 жылы үйлену тойымен аяқталды".


Ұлы Отан соғысы кезінде түсірілген сурет

Қазір 8 Наурызда Тамара Александровнаға көптеген құттықтау келіп түседі. "Соғыстан кейінгі жылдары біз 8 Наурызды тойлап, қонақ күтетінбіз. Біз дастархан жаямыз, ер адамдар гүл әкеледі", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети