Lose Yourself әнін домбырамен айтқан жігіт Интернетті бағындырды

03 Ақпан 2015, 17:02
0
Lose Yourself әнін домбырамен айтқан жігіт Интернетті бағындырды - Скриншот
Скриншот

Eminem-нің Lose Yourself композициясын домбырамен орындап берген Семейдің жігіті Интернет қолданушыларын аузына қаратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бір апта өтпей жатып бұл ән түсірілген видеоны 650 мыңнан астам қолданушы тамашалады, ролик әлеуметтік желілерге жаппай тарап жатыр. Қолданушылардың дені жігіттің танымал әнді ерекше мәнерде орындағанына риза екенін айтып, пікір қалдырған. 

Айта кетейік, Қазақстанда танымал әндер бірінші рет домбырамен орындалып отырған жоқ. Жуырда ғана әнші Әсел Қарсыбаева Adele-дің Rolling in The Deep хитін орындап, көпшілікті тәнті еткен еді. Сондай-ақ қостанайлық Еркін Сүюбаев "Ты не пришла на новогодний бал" әнін өзіндік мәнерімен айтып шықты.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай