1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді26 қазан 2019, 13:51

Сурет: np.kz Сурет: np.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - делінген хабарламада.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.