АҚШ елшісі қара жорға биледі

29 Сәуір 2018, 12:53
0
АҚШ елшісі қара жорға биледі - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қара жорға биледі. Видео елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Би мен музыканың тілі - бір! Би - ойды, көңіл-күйді, мәдениетті білдіру. Бүгін Халықаралық би күні! Билеңдер, достар!", - деп жазылған видеоның астында.

Айта кетейік, Джордж Крол түрлі мерекеге арналған қазақ тіліндегі құттықтауларын жиі жариялап отырады. Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында ол видеоқұттықтаулар жазу өзінің идеясы екенін айтты. "Бұл өте қиын, себебі мен қазақ тілінде аса еркін сөйлей алмаймын", - деді Крол.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай