АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады

15 Желтоқсан 2015, 12:27
0
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады - АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Крол
АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Крол

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Крол қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоқұттықтау елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

"Құрметті қазақстандықтар, сіздерді АҚШ халқы мен үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. АҚШ 24 жыл бұрын Қазақстанда бірінші елшілігін ашқан. Содан бері АҚШ Қазақстанның жақсы досы әрі серіктесі болып келеді. Тәуелсіздік мерекесі және Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Қазақстан азаматтарына бақыт, бейбітшілік және табыс тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай