"Ақтаудағы эротикалық автожуу". Видео кейіпкерлері жазаланды

20 Шілде 2018, 08:21
0
"Ақтаудағы эротикалық автожуу". Видео кейіпкерлері жазаланды -

Ақтаудағы атышулы автожуу орны түсірілген видеодағы адамдар әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Видеожазбадағы адамдар анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-пункті бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Еске салайық, ақтаулықтар жартылай жалаңаш қыздар жұмыс істейтін автожуу орнын видеоға түсіріп алған. Видео кадрларынан жартылай жалаңаш қыздардың көбіктенген көлікті жуып жатқанын көруге болады. "Жігіттер, Ақтауда қыздар көліктеріңді осылай жуып береді", - дейді кадрдан тыс дауыс. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай