04 қараша 2016 22:47

Ақтөбеде иесін қуған ит туралы видео Қазнетті таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Instagram желісінде aktobe_zello аккаунтында "жергілікті хатико" жазбасымен видео жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Instagram желісінде aktobe_zello аккаунтында "жергілікті хатико" жазбасымен видео жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Итке обал болды. Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова даңғылының бойымен үш шақырым бойы жүгіріп келеді", - дейді видеоның авторы.

Бір қолданушы осы видеоға қатысты былай деп жазған: "Осы итті осымен бірнеше рет көрдім, Тойбеков және Есет батыр көшелерімен арнайы көліктердің алдына шығып жүгіреді. Жақын жерде тұратын болуы керек. Спортпен шұғылданып жүр ғой деймін. Арнайы жолақтың бойымен жүгіреді".

Тағы бір қолданушы былай деп жазады: "Ол өз иесін әлі таппады ма? Өте өкінішті, бұл әлемде олар сияқты шын берілген ешкім жоқ". 

 

Местный Хатико 04.11.2016

Видео опубликовано Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети