1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Әлемдегі ең дамыған қалалар аталды

Фото: gfmag.com Фото: gfmag.com

Сарапшылар әлемдегі ең дамыған қалаларды атады, - деп хабарлайды "Хабар24" Motion Index басылымына сілтеме жасап.

Рейтингте Лондон, Нью-Йорк, Париж, Токио, Рейкьявик және Копенгаген көш бастап тұр.  Сондай-ақ Берлин, Амстердам, Сингапур, Гонконг, Цюрих, Осло, Чикаго, Стокгольм, Вашингтон, Лос-Анджелес, Сидней, Вена, Сеул және Сан-Франциско ең дамыған қалалар тізіміне енді.

Тізімде барлығы 174 ел бар.

Рейтингтің соңында Манила (Филиппин), Рабат (Марокко), Эр-Рияд (Сауд Арабиясы), Каир (Египет), Колката (Калькутта, Индия), Дуала (Камерун), Лагос (Нигерия), Лахор (Пакистан), Карачи ( Пәкістан) және Каракас (Венесуэла) тұр.

Рейтингті құру кезінде сарапшылар адами капиталды, әлеуметтік келісім, экономика жағдайы, экология, халықаралық ашықтық, технологиялық даму, көлік инфрақұрылымы және басқаларын ескерді деп жазады дереккөз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!