23 желтоқсан 2019 11:23

Әлемдегі ең қымбат шыршаның бағасы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испаниядағы шырша. © espanarusa.com Испаниядағы шырша. © espanarusa.com

Екі жарым мыңнан бастап 2 миллион теңгеге дейін. Жаңа жыл қарсаңында саудаланып жатқан жасанды шыршалардың бағасы осындай, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Екі жарым мыңнан бастап 2 миллион теңгеге дейін. Жаңа жыл қарсаңында саудаланып жатқан жасанды шыршалардың бағасы осындай, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, арзан жасанды шыршалар Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында. Ондағы баға 2 500-4 000 теңге аралығында. Ал Түркістан мен Қызылордада жасыл атрибут құны шамамен екі есе жоғары - 7 мың теңге. Елордада болса, таңдау көп - 8 500 - 2 миллион теңге аралығында.

Ал әлемдегі ең қымбат жасанды шырша бағасының 15 миллион 300 000 доллар екен. Испанияның Марбелья қаласында "Кемпински Байя" қонақүйінде орналасқан. Биіктігі - 6 метр. Сваровски кристалымен және сапфир мен гауһартас сынды қымбат зергерлік бұйымдармен безендірілген. Белгілі дизайнерлердің аксессуарлары да бар. Ал домалақ ойыншықтардың орнында страус жұмыртқалары ілінген. Сырты алтын пластинкалармен және алмаз ұнтақпен қапталған. Жасыл өсімдік тәулік бойы күзетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети