Әлеуметтік желілер жасөспірімдер үшін қауіпті болып танылды

13 Қыркүйек 2015, 17:10
0
Әлеуметтік желілер жасөспірімдер үшін қауіпті болып танылды - © ellegirl.ru
© ellegirl.ru

Әлеуметтік желілерді көп қолданатын жасөспірімдердің ұйқысыздық, күйзеліс және мазасыздану сияқты жағымсыз салдарға душар болуы мүмкін. Мұндай шешімді арнайы зерттеу жүргізген ағылшын ғалымдары жасап отыр, - деп хабарлайды Medical News Today.

Глазго университетінің қызметкерлері доктор Хизер Клиланд Вудс пен Холли Скотт зерттеу кезінде әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланудың денсаулыққа қалай әсер ететінін білу мақсатында 470 жасөспірімнен сауалнама жинаған. Экспериментке қатысушылардан күн бойы және ұйқы алдында қаншалықты жиі кіретіні сұралды. Сонымен қатар, олардан онлайнда болуға деген ынтасы және Интернетке кіре алмаған жағдайдағы жайсыздығы жайлы мәселе сұралды. 

Кәмелетке толмағандардан сауалнама алған ғалымдар олардың онлайн-байланысқа қаншалықты көп көңіл-күйін арнайтын болса, ұйқысыздық ауруына шалдығу деңгейінің өсетінін, өзіне өзі көңілі толмаушылығын, күйзеліс пен мазасыздыққа ұшырайтынын анықтады. Көбінде мұндай белгілер Facebook, Twitter, Tumblr, Pinterest, Instagram және Youtube сияқты сайттардың қолданушыларында табылған.

Ғалымдар жасаған бұл шешімнің ата-аналарды ойландыруы керек екенін айтады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай