1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Алғыс айту күнінде Шымкентте құрт таратылды 01 наурыз 2021, 18:54

Алғыс айту күнінде Шымкентте құрт таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанқа сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Алғыс айту күнінде Шымкентте құрт таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанқа сілтеме жасап.

Әкімнің бірінші орынбасары бұл мерекенің символдың мәніне тоқталды.

"Көктемнің алғашқы күнімен, Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Мерекенің символдық мәнін ашу үшін Шымкент қаласы бұл күнді құрт таратумен бастап отыр. Қазақтың құрты - Алғыстың символы. 30-40-жылдары Кеңес өкіметі "сенімсіз халықтар" мен "халық жауларын" қазақ даласына айдаған. Қазақтар қамақта отырғандарға көмектескісі келеді. Алайда көмектесейін десе, өздері қудалауға ұшырайды. Не істеуге болады? Үлкен кісілер ақылдасып, балаларға лагерьлерде жұмысқа жегілген тұтқындарға құрт лақтыртады екен. Оны көрген күзетшілер "халық жауларын жергілікті халық та қорлап жатыр" деп мәз болысады. Қамақтағылар түрі әкке, пішіні тасқа ұқсайтын белгісіз затты тіске басса, үгітіліп, кепкен сүзбенің дәмі татиды. Оның тағам екенін ұғып, содан бастап "тас" лақтырған балаларға бас изеп, алғыс айтып, құртты теріп алып жүрген екен", - деп әңгімеледі ол.

Осы себептен де осындай тапқыр ата-әжелеріміздің рухының разылығы үшін Шымкентте Алғыс айту күнінде қала әкімінің ұсынысымен құрт таратылыпты.

"Осы жерді мұра еткен ата-бабаларға, өмір берген ата-анамызға, азамат етіп отырған елімізге мың алғыс!", - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, 1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні. Алғыс айту күні - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Бұл атаулы күн 2016 жылы бекітілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram