Алматы дизайнерлері Мұхтар Әуезов пен Бауыржан Момышұлының шабыттандыратын суреттерін салды

14 Қазан 2015, 12:20
0
Алматы дизайнерлері Мұхтар Әуезов пен Бауыржан Момышұлының шабыттандыратын суреттерін салды -

Алматылық дизайнерлер қазақстандық тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттерін жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жобаның негізгі мақсаты ол суреттерді жастар арасында танымал ету.

"Халық арасындағы танымал тұлғалардың каноникалық бейнелері мен суреттерін барлығы біледі - Абайдың, Мұхтар Әуезовтің, Сәкен Сейфуллиннің, Мұстафа Шоқайдың және тағы да басқа. Алайда қазақ халқының өзге де танымал тұлғаларының түрін білетіндер көп емес - Таир Жароковтың, Қаныш Сәтбаевтың, Әбілхан Қастеевтің және тағы да басқа. Дегенмен олардың есімдері өте танымал. Сол скетчтер арқылы жастардың олардың суреттерін білгендерін қалаймыз", - деді жоба туралы igraphic.kz дизайн-бюросының арт-директоры Владимир Лукашов.

Бес тұлғаның суреті салынды - Мұхтар Әуезовтің, Тоқтар Әубәкіровтің, Қаныш Сәтбаевтың, Бауыржан Момышұлының және Әбілхан Қастеевтің, олардың әрқайсысының астында қазақстандық жастарға арналған уәждемелі мәтіндер бар. Жоба шеңберінде Telegram-ға арналған стикерлер жасалды, ол жастар арасында кеңінен таралатын болады.

"Бұл біздің білім беру жобасындағы бастамамыз ғана. Алдағы уақытта мұндай суреттер өзге де тарихи тұлғаларға арналып жасалатын болады. Үлкен коллекция жиналғанда біз оларды оқу орындарына сыйлауды ұйғарып отырмыз", - деді жоба басшысы Бағлан Айдашов.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай