Алматы қалалық ІІД сын естіген "мейірімді" жүргізушінің оқиғасына қатысты пікір білдірді

23 Желтоқсан 2016, 17:13
0
Алматы қалалық ІІД сын естіген "мейірімді" жүргізушінің оқиғасына қатысты пікір білдірді -

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері өзге көліктің иесіне жол бергені үшін полицейлерден сын естіген жүргізушінің оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоға қатысты тексеріс жүріпті.

"Алдын-ала қорытынды бойынша, 2016 жылдың 22 желтоқсанында Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальоны экипажы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып жүрген. Жібек жолы көшесімен солтүстік бағытта келе жақан полиция қызметкерлерінің назарына Қонаев көшесінің шығысында Suzuki маркалы көлік түскен, оның жүргізушісі жолдың ортасында қажеттілік болмаса да, тоқтап, автотұрақтан шығып жатқан көліктерге жол бере бастаған. Айта кетерлігі, жарияланған видео толық емес, ол үзіліп қалған, автор монтаж арқылы өзі жол беріп жатқан төртінші көлікті көрсеткен", - деп атап өтті Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полицияның мәліметінше, жүргізушінің осы әрекетінің салдарынан Жібек жолы көшесімен қозғалып бара жатқан көліктер кептеліс туғызған, сөйтіп, кептелістің соңындағы көліктер Пушкин көшесімен қиылысқан тұста қалып қойған.

"Осы жағдайда бағамдаған жол-патрульдік полициясының қызметкерлері кептеліске себеп болған факторларды жою үшін Suzuki жүргізушісіне ескерту жасап, жүргізушілер арасындағы құрметті жағдайды және оның салдарын бағамдай отырып, мүмкіндікке қарай танытуға шақырған. Осы жағдайда инпсекторлардың әрекетінде заң жүзінде ережебұзушылық жоқ", - деп атап өтті Алматы қалалық ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, тексерістен кейін полицейлермен азаматтармен құрметпен және әдеппен сөйлесу туралы бұйрықтың нормалары бойынша әңгіме жүргізілген.


Видео: Youtube/Иззат Милованов

Осыған дейін Алматыда тұрақтағы көлікке жол берген жүргізушінің полицейлерден сын естігені жайлы хабарланған болатын. Оқиға Алматыдағы Жібек Жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында болған. бағдаршамның жасыл түсіне үлгере алмайтынын аңғарып, тұрақтан шығып келе жатқан ВАЗ-2107 жүргізушісіне жол беруді ұйғарады. Осы уақытта оның артынан қызметтік көлікпен келіп қалған полицейлер дыбыс зорайтқышпен "Suzuki, жүресің бе, жоқ па?" дейді. Кейін полицейлер жүргізушіге "қызыл кресттенсің бе?" деп тағы сұрақ қояды. Бұдан кейін жүргізуші мен полицей сөз таластырып қалады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай