13 қаңтар 2022 15:49

Алматы қасіреті: куәгер оқиға қалай өрбігенін баяндады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/damir.amanzho1ov Фото: instagram.com/damir.amanzho1ov

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тәртіпсіздіктер ошағынан түсірілген видеолар тарап кетті. Видео авторы Дамир Аманжолов адамдарды құтқарғанын айтып, Instagram-да Stories жариялады. Бұл ретте ол құқық қорғау органдары тарапынан ықтимал жауапкершілікке тартылмау үшін, қауіпсіздігін ойлап видеоларды жариялағанын баса айтты.


Әлеуметтік желіде Алматыдағы тәртіпсіздіктер ошағынан түсірілген видеолар тарап кетті. Видео авторы Дамир Аманжолов адамдарды құтқарғанын айтып, Instagram-да Stories жариялады. Бұл ретте ол құқық қорғау органдары тарапынан ықтимал жауапкершілікке тартылмау үшін, қауіпсіздігін ойлап видеоларды жариялағанын баса айтты.

"Мен наразылық білдірушілермен қатар, бақылау камераларына түсіп қалдым. Оның үстіне, маска тақпай жүрдім, өйткені тәртіп сақшыларынан жасыратын ештеңем жоқ - адамдарды құтқардық", - деді ол.

Қала тұрғыны Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында Алматыдағы тәртіпсіздіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Дамирдің айтуынша, ол 2017 жылға дейін әскери қызметкер болған, қазір кәсіпкерлікпен айналысады. Ер адам қаладағы оқиғалар қалай өрбігеніне куә болған.

"Бәрі (4 қаңтар) "Алматы Аренада" басталды, ол жақтан наразылық білдірушілер Саин көшесі бойымен шықты. Жиналғандар жолды жауып, адамдарды көшеге шығуға шақырды. Түнге қарай адамдар орталық алаңға шабуыл жасап, дыбыс шығаратын гранаталар қолдана бастады. Мен жақын жерде тұрамын, мұның бәрі естілді. Содықтан көмек қажет болғанда неге үйде отырамын деп ойладым", - дейді Дамир.

Ер адамның айтуынша, таңертең оған әріптесі қоңырау шалып, әкімдікті қорғауға келгенін айтқан.

"Кейін әкімдік өртеніп, наразылық білдірушілер ғимаратқа шабуыл жасап, әскерилер және полиция қызметкерлерін ұрып-соғып жатқаны туралы жаңалықтарды оқыдым. Көмек керек екенін түсініп, досыммен сыртқа шықтым. Ол жерде кім кім жақта, нені қалайды, түсінуге тырысық. Нақты талаптары бар адамдар Алтын адам ескерткіші түбінде тұрды, олардың саны мыңға жуық болды.

Қалған бірнеше мыңы, менің ойымша, - бүлікшілер. Олар әкімдік ғимаратына шабуыл жасады және не үшін екенін түсінбейді", - деп еске алады Дамир.
 

Дамирдің айтуынша, ол бәрімен "бірге" екенін көрсетіп, әскерилерге көмектесу үшін олар қайда екенін біліп алмақ болған. Ер адам ондағылардың бәрі митингіге шыққандар емес екенін айтты. Кейбірі жай көпшілікке қосылуға мәжбүр болғандар.

"Әкімдік ғимаратының бірінші қабаттары жанып, от үшінші қабатқа өтті. Мен жұмыс істеген әскери бөлімде таныстарым болды, олар қоңырау шалып, әкімдік жертөлесінде адамдар тығылып отырғанын айтты. Мен ғимаратты айналып барсам, жиналғандар жертөлені бұзып жатыр. Қолдарында картон қағаз бар. Оны жертөлені өртеу үшін алып жүр екен. Ғимарат ішін түтін басып кетсе, курсанттар уланып өлмеу үшін темір есікті ашауға мәжбүр болар еді. Курсанттар 18-20 жаста, оларда қару жоқ. Басқыншылар дайындалып тұр. Біреулерінде қару бар. Бәрі есік ашыла салысымен, оларды ұрып-соғып, атуға дайын тұр", - деді Дамир.

Аманжолов далаға шығып көмектесе алатын адамдарды іздеген. Курсанттарға көмектесуге дайын 10-ға жуық ер адамды жинадық, дейді ол.

"Курсанттарды қарумен күтіп тұрғандарды түрлі сылтаумен көшеге шығара бастадық. Кейін есік сыртындағылармен келісе бастадық. Курсанттар қорықты, бірақ сеніп, ашты. Оларға көшеден жинап алған киімдерді кигізе бастадық. Әскери бас киімдерін, сырт киімдерін шештік. 40 шақты адам шығарылды. Бақытымызға орай, көшеде ешкім күткен жоқ. Сол кезде бәрі Президент резиденциясына шабуыл жасауға асықты", - деді ол.

Алайда курсанттар эвакуацияланғаннан кейін әкімдіктің төртінші қабатында тағы да қызметкерлер қалғаны белгілі болған.

"Баспалдақтарда демалмай жатқан адамдарды таптық, олар түтіннен уланып қалған. Алты адамды шығардық. Содан кейін үшінші қабатта әскери қызметкерлер бар екенін көрдік. Олар шыршаға секіре бастады, төменнен қағып алдық. Төрт адам құтқарылды", - деді Дамир.

Аманжоловтың айтуынша, оқиғаға бейжай қарамаған топпен бірге дүкендерді тонаушылардан құтқаруға барған. Олар бірнеше спорт дүкені мен жақын маңдағы кафелерді қорғаған.

"Бастысы тонаушылар дүкендерді өртемесе екен дедік. Егер олар өртенсе, жоғарыдағы тұрғын үйлерге де әсер ететін еді. Бәрі жанып, құрбандар саны да көп болатын еді. Қорғау керек болды. Мемлекеттік номері жоқ көліктер, қолғаптар, сөмкелер. Тіпті қыздар жүгіріп, тонап жатты", - деді ол.

Алматылық өзімен бірге тағы 6-7 ер адам мұқтаж жандарды жанқиярлықпен құтқарғанын айтты. 

"Қақтығыс көп болды. Аяғыма, арқама резеңке оқ атылды, жағыма, басыма соққы тиді. Оқ жаудырды, үш рет басыма тапанша тақады", - деді Дамир.

Ол халықтың өзі қаланы тонап, құртып жатқанын көру өте ауыр, қорқынышты болғанын айтып, бірақ бұл қатарда басқалар үшін өзіне қауіп төндіруге дайын адамдар бар екенін көргеніне қуанышты болғанын жеткізді.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети