12 қараша 2020 14:24

Алматыда 11.11.2020 туралы ерекше дерек айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

2020 жылдың 11 қарашасында Алматыда үйлену үшін "әдемі" сандар ішінде танымал емес дата ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2020 жылдың 11 қарашасында Алматыда үйлену үшін "әдемі" сандар ішінде танымал емес дата ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық Әділет департаментінің мәліметінше, 2020 жылдың 11 қарашасында 45 жұп үйленген. 2019 жылдың 11 қарашасында 180 жұп үйлеген еді. 

"Шынында да таңқаларлық жағдай. Қазіргі таңда үйленгісі келген ғашықтар аз болып тұр. Мысалы, осы жылдың 9 қарашасында 186 жұп үйленді. Оның ішінде ерекше жағдай да бар. Мысалы, қалыңдық 61 жаста, күйеу жігіт 37-де болды", - дейді Алматы қаласы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі басшысы міндетін атқарушы Алма Ысқақова.

Айта кетейік, Алматыда 2011 жылдың 11 қарашасында 210 жұп, ал 2020 жылдың 2 ақпанында 165 жұп үйлеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети