26 қаңтар 2017 10:44

Алматыда қарды минивэнге тиеп жатқан жұмысшылар Желіде мазаққа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Әлеуметтік желілерде жиналған қарды минивэнге тиеп жатқан жұмысшылардың қызықты cуреті таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде жиналған қарды минивэнге тиеп жатқан жұмысшылардың қызықты cуреті таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото Instagram желісіндегі @almaty.times парақшасында жарияланды. "Барлық арнайы техниканы іске қосыпты! Біз бен Сіздер үшін!", - деп пікір қалдырыпты пайдаланушылардың бірі. "Универсиадаға қар жинап жатыр", - деп пайымдады өзге бірі. 

Қызық суретке байланысты Алматы әкімдігінің өкілдері өз пікірін білдірді. Олардың айтуынша, суреттегі жұмысшылардың қаланың коммуналдық қызметіне қатысы жоқ. "Заңды тұлғалар аумақтарындағы қарды өз күшімен шығару керек немесе ол үшін кәсіпорындармен келісімге келеді", - дейді Табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. Суретте қарды өз бетінше шығарып жүрген адамдар болуы мүмкін деп пайымдады баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети