Алматыда Мэрилин Монроға ұқсайтындар байқауы басталды

28 Қаңтар 2014, 17:10
0
Алматыда Мэрилин Монроға ұқсайтындар байқауы басталды - Сурет "Экспресс К" ақпарат құралынан алынған
Сурет "Экспресс К" ақпарат құралынан алынған
"Алматы қаласында әлемге әйгілі болған сары шашты, аққұба Голливуд жұлдызы Мэрилин Монроға ұқсайтын қыз-келіншектер арасында байқау басталды. Байқауға жасы 18 бен 35 аралығындағы, киімінің өлшемі 44-46 болатын кез келген қыз-келіншектер қатыса алады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Байқаудың бас жүлдесі - сүйікті әртістің кейпінде фотосессияға қатысу мүмкіндігі. Жеңімпазға арнайы Мэрилин Монроның стилінде көйлек тігіліп қойылған.

"Алматыда аты аңызға айналған әйгілі әртіске ұқсаймын деушілер көп. Олар әртістің стилі мен мәнерін көшіріп алуға ұмтылады. Сондықтан маған: неге солардың бәрінің басын қоспасқа деген ой келді" - дейді идея авторы Celebration event-агенттігінің басшысы Жанар Ахметова.

Оның сөзіне қарағанда, байқау әлеуметтік желіде қызығушылық тудырған. Қазірдің өзінде байқауға қатысуға ықылас білдірген 10 қыз-келіншек фотосуреттерін жолдапты. Олардың үшеуі кәсіби әртістер көрінеді. Үміткерлердің біреуі - Алматылық Жас көрермендер театрының әртісі Мария Куприянова.

"Мен үшін пародия жанры өнердегі ең бір жарқын бағыттардың бірі. Ең бастысы - Мэрилин Монроның ішкі болмысы. Ол көпқырлы әйел. Сондықтан да оның ішкі жан дүниесі әлі күнге шешілмеген жұмбақ күйінде қалып отыр" - дейді Мария.

Америкалық киноактриса, әнші және секс-символ - Мэрилин Монро 1962 жылы 36 жасында ұйқы дәрісін мөлшерден артық пайдалану салдарынан қайтыс болған.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай