Алматыда тұрақтағы көлікке жол берген жүргізуші полицейлерден сын естіп тынды

23 Желтоқсан 2016, 12:05
0
Алматыда тұрақтағы көлікке жол берген жүргізуші полицейлерден сын естіп тынды -

Алматыда тұрақтағы көлікке жол берген жүргізуші полицейлерден сөз естіп тынды, - деп хабарлайды Motor.kz.

Оқиға Алматыдағы Жібек Жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында болған. Басылым оқырманы бағдаршамның жасыл түсіне үлгере алмайтынын аңғарып, тұрақтан шығып келе жатқан ВАЗ-2107 жүргізушісіне жол беруді ұйғарады. Осы уақытта оның артынан қызметтік көлікпен келіп қалған полицейлер дыбыс зорайтқышпен "Suzuki, жүресің бе, жоқ па?" дейді. Кейін полицейлер жүргізушіге "қызыл кресттенсің бе?" деп тағы сұрақ қояды. "Бұл сұрақ жүргізушіге сол ұйымда жұмыс істейтінін анықтау үшін қойылды, бірақ оның сұрағынан құрмет белгісі танылмады", - деп жазады басылым. Бұдан кейін жүргізуші мен полицей сөз таластырып қалады.

Жүргізуші қызметтік көлігіндегілерге видеоны Youtube хостингіне жүктейтінін айтады. Мұны естіген полицейлер кетіп қалады. Жүргізушілердің бір-біріне құрмет көрсеткені полицейлерге неге жақпай қалғаны түсініксіз қалып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай