22 қаңтар 2016 12:40

Алматыдағы тарихи-мәдени маңызы бар ғимараттар ерекше жарық сәулелерімен көмкеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© friends.kz © friends.kz

Алматы қаласындағы тарихи-мәдени маңызы бар ғимараттар ерекше жарық сәулелерімен көмкерілмек. Заманауи технологияны пайдаланылатын нысандар арасында сауда орталықтары, саябақтар мен көлік айналма жолдары бар. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы таратып отыр. Мамандардың сөзінше, нысандарды түнде жарық сәулемен әрлеу, жол апатын 25 пайызға кемітіп, қала климатын жақсартуға септеседі. Тізімге енген ғимараттарды арна тілшілері аралап қайтыпты. 


Алматы қаласындағы тарихи-мәдени маңызы бар ғимараттар ерекше жарық сәулелерімен көмкерілмек. Заманауи технологияны пайдаланылатын нысандар арасында сауда орталықтары, саябақтар мен көлік айналма жолдары бар. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы таратып отыр. Мамандардың сөзінше, нысандарды түнде жарық сәулемен әрлеу, жол апатын 25 пайызға кемітіп, қала климатын жақсартуға септеседі. Тізімге енген ғимараттарды арна тілшілері аралап қайтыпты. 

Түрлі-түсті шамдар қазір Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратына орнатылған. Алдағы уақытта Тәуелсіздік монументі де заманауи технологияның арқасында әрлене түспек. Астана алаңындағы ғимараттардың барлығы түнде жарқырайтын болады. Бүгінде мамандар бұл жерде жұмысты бастап кеткен. Ақпан айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Әлем елдерінде кеңінен қолданылатын технология бюджеттен тыс қаржының есебінен іске асырылмақ.

Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, қазір демеушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Арнайы құжат әзірлену үстінде. Ол қала кеңесіне ақпан айында ұсынылады екен. 

Бүгінде бұл тізімге 139 нысан ілігіп отыр. Олардың арасында Орталық мешіт, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қазақ мемлекеттік циркі, Орталық стадион бар. "Көктөбе" телемұнарасы да жарық сәулемен көмкеріледі. Мамыр айында LED-монитор қойылмақ.

"Куала-Лумпур, Баку қаласын көрдік. Лондон, Париж, Ресейдің қалаларын көрдік. Соның ішінде біз Алматының архитектурасына келетін қылып, Алматының ерекше жарық сәулесінің стилін жасайық деп жатырмыз",- деді "Olymp union" ЖШС директоры Ақылбек Желдібаев.

Сонымен қатар, тілшілердің мәліметінше, жалпы қаладағы ғимараттардың барлығы ортақ концепциямен әрленеді. Сондай-ақ саябақтардағы шамдар да ауыстырылады. Жарық сәулелер тұрғындарға қолайсыздық туғызбайды. Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында бірнеше нысан жарық сәулелермен көмкерілмек. Бұл аумақтағы жұмыстар ақпан айында басталады деп жоспарлануда. Мамандардың сөзінше, ғимараттарды түрлі-түстермен әрлеу оның көркін ашумен қатар, электр энергиясын үнемдеуге септеседі екен. Жарық сәулелерін орнатуға тек электр үнемдейтін шамдар пайдаланылмақ. Мамандардың сөзінше, нысандарды түнде жарық сәулемен әрлеу  жол апатын 25 пайызға кемітіп, қала климатын жақсартуға сеп болмақ.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети