03 қараша 2016 14:52

Алматылықтар автобуста жүкті әйелге орын бере ме? - эксперимент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтардың автобуста жүкті әйелге орын бере ме? Мұны тексеру үшін Tengrinews TV редакциясы эксперимент жүргізді.


Алматылықтардың автобуста жүкті әйелге орын бере ме? Мұны тексеру үшін Tengrinews TV редакциясы эксперимент жүргізді.

Эксперименттің кейіпкері ретінде видеопорталдың тілшісі алынды. Ол эксперимент барысында түрлі автобустарға мінеді. Қоғамдық көліктің ішіндегі барлық әрекет жолаушыларға көрінбейтіндей етіп түсіруге мүмкіндік беретін экшн-камера қолданылған. Бастапқыда эксперимент қызық болды. Жүкті әйел мінген бірінші автобуста жолаушылар оған бірден орын берді. Егде жастағы әйел де жүкті әйелді орындыққа отырғызды. Алайда екінші автобустағы жағдай мүлде басқаша болды. Барлық бес аялдамада жүкті әйел тұрып келді. Ең қызығы, ол терезеге қарап, өлең тыңдап отырған жасөспірімнің дәл қасында тұрған.

Айта кетейік, эксперимент қаланың барлық аумағында, түрлі автобустарда екі күн бойы түсірілген. "Жалпы, нәтиже жаман емес. Бейжай қарамайтын алматылықтардың саны ойлағаннан көп болды. Тұрғындар10 жағдайдың сегізінде жүкті әйелге орын берді. Олардың көбісі 30 жас шамасындағы әйелдер болып шықты. Ал ер адамдардың ішінен тек жалғыз жас жігіт орын берген. Орын бергісі келмеген жолаушылардың басым бөлігі өлең тыңдап, телефонмен сөйлесіп отыра берген немесе олар расында да жүкті әйелді байқамаған шығар", - дейді редакция тілшілері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети