Астана әкімі өзіне Қазақстанда тігілген тоқыма мен шұлық сатып алды

14 Желтоқсан 2015, 13:13
2
Астана әкімі өзіне Қазақстанда тігілген тоқыма мен шұлық сатып алды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қазақстандық тауар сататын "УниверMAG.kz" дүкенінің алғашқы келушілерінің бірі болды. Ол өзіне қыстық жылы киімдер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отандық өнім сататын орталықтан әкім балаларға арналған 3 жемпір және ер адамға арналған тоқыма мен 6 шұлық сатып алды. Ол мұның барлығына 27 800 теңге төледі.

Бұл дүкенде тоқыма бұйымдарынан бастап балалар киімі, ерлер мен әйелдерге арналған костюмдер, аяқ киімдер мен спорт киімдеріне дейін сатылады.

"Бұл өте дұрыс шешім. Біздің өндірушілер сапа жағынан жаңа деңгейге көтерілді. Енді қазақстандық тауарларды шетелге шығара аламыз", - деді Жақсыбеков.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай