Астана тұрғыны Назарбаевқа хат жазды

15 Қаңтар 2015, 10:27
0
Астана тұрғыны Назарбаевқа хат жазды - Фото knews.kg сайтынан алынды
Фото knews.kg сайтынан алынды

Астана қаласының тұрғыны Жәнібек Оспанов Елбасына хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Автор хатында 2012 жылы тамызда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өзіне донорлық жүрек орнату отасы жасалғанын жазған.

"Міне, екі жылдан бері донорлық жүрекпен өмір сүріп келемін. Бала тәрбиелеп, ел қатарлы өмір сүрудемін. Жүрек ауыстыру туралы бес жыл бұрын армандай да алмаған едім. Денсаулық сақтау саласын дамытуға Сіздің тікелей араласуыңыздың арқасында біз қазір жоғары технологиялық медициналық көмек алу мүмкіндігіне иеміз, бұрын ол тек шетелде және көп ақшаға жасалатын", &ndash делінген хатта.

Айта кетейік, Жәнібек Оспанов отандық медицинаны дамыту үшін жағдай жасалғанына ризашылығын білдіріп, соның арқасында өмір сүруге екінші мүмкіндік алғанын жазды.

Автор хат соңында жеке өзінің және отбасының атынан Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт, ал барша Қазақстан халқына бақ-береке және игілік тілеген. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы қараша айында Нұрсұлтан Назарбаев өзін туған күніне шақырған 10 жастағы баланың хатына жауап бергені хабарланған болатын. Ержан Исабаев екі жасында Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. "8 жылдай уақыт бұрын Наурызбай батырға ескерткіш ашылып жатқан, сол кезде біз Ержан екеуміз шараға келдік. Сөйтсек ашылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев болыпты. Ол бізге жақындап келіп, Ержанды көтеріп алды, мен "Бата беріңіз" дедім. Бізді суретке түсіріп алды. Кейін осы суретфорумдар мен БАҚ-тарда жиі қолданылатынын байқадық", - деді баланың әкесі Бауыржан Исабаев.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай