Астанада 71 жастағы әйел 34-қабатқа 9 минутта көтерілді

09 Қыркүйек 2018, 18:24
0
Астанада 71 жастағы әйел 34-қабатқа 9 минутта көтерілді -

Астанада биік ғимараттарға жүгіріп шығу қайырымдылық шарасы өтті, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл шара Highvill тұрғын үй кешенінде бүгін болды. Қатысушыларға 100 метр жүгіріп, 34 қабатты еңсеру қажет болды, бұл шамамен 700 баспалдақ.

Марафонға қатысуға 326 өтініш түсті, оның 114-і әйел мен 212-сі ер адамдар. Жүгіруге 18 жастан асқан және медициналық тексеруден өткендер ғана қатыса алды.

Мәреге барлығы 280 адам жетті. Ең егде қатысушы - 1947 жылы туған Мирошниченко Әмегүлсін, қашықтықты 9 минут 15 секундта бағындырған ол 41-50 жас категориясында бақ сынады. Ерлер арасында егде қатысушы - 64 жастағы Бекеев Қазыбек - қашықтықты 4 минут 52 секундта еңсеріп, екінші орынға ие болды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жиналған қаржы мүгедек балалардың еміне, жетім балаларға және аз қамтылған балалар мен көпбалалы отбасыларға "Мектепке жол" бағдарламасы бойынша жұмсалмақ. Аталмыш іс-шара "Ниет" қайырымдылық қорымен бірге ұйымдастырылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай