19 сәуір 2022 16:26

"Атам мен ағама қарап үйреніп алдым". Қой сойып жүрген қыз Қазнетті тәнті етті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Миравилдаева Аружан Миравилдаева

Әлеуметтік желіде ат құлағында ойнап, қой сойған қыздың видеосы тарады. Ол - Тараз қаласы Меркі ауданы Ақермен ауылының тұрғыны. Аружан Миравилдаева 17 жаста, қазір Әмеди Хасенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы екен. Tengrinews.kz тілшісі Аружанмен сөйлесіп, атқа қызығушылығы қайдан оянғанын сұрап көрді.


Әлеуметтік желіде ат құлағында ойнап, қой сойған қыздың видеосы тарады. Ол - Тараз қаласы Меркі ауданы Ақермен ауылының тұрғыны. Аружан Миравилдаева 17 жаста, қазір Әмеди Хасенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы екен. Tengrinews.kz тілшісі Аружанмен сөйлесіп, атқа қызығушылығы қайдан оянғанын сұрап көрді.

Желі қолданушылары видеоға оң пікір білдіріп, қазақ қызының ерекше қылығына тәнті болды:

Қазақ қыздарына жетер қыз бар ма?!

Міне, осындай ат құлағында ойнайтын қарындастарымызды тарихи киноларға тусірсек, тамаша болар еді.

"Ер қанаты - ат" деген, қыздарымыз аман болсын!

Ай, жарайсың, қарындасым! Тектілігіңнен, қаныңнан айналайын қазақы. Тарихи киноларда көрейік қазақтың батыр қыздарының ролінде.

Қарындасым, ризамын саған!

Көк етін қалдырмай алдың, жарайсың!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alaştyŋ asyl arulary??? (@alashtyn_aru_kyzdary)

Аружан атқа отыруды бала кезінен бастап үйренген.

"Атқа 5 жасымнан бастап үйірмін. Сол кезден бері атқа міне аламын. Себебі қой бақтық, малдың қасында жүріп, біраз нәрсе үйрендім", - деді ол.

Аружан әлеуметтік желідегі парақшасын жүргізіп отырады. Мысалы Instagram желісіндегі парақшасында ол атқа мінген сурет-видеоларын жүктеп отырады. Кейінгі видеоларының бірі - қой сою сәті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТ СҮЙЕР АЛАШ АРУЫ!?? (@aruzhan_alash_kyzy)

"Қой баққан кезде әр қой сойған сайын атам мен ағама қарап үйреніп алдым. Кейін өздері пышақты қолыма сенімді түрде бере бастады", - деді Аружан.

Ол үйде үнемі қой соя бермейтінін, бірақ мұндай жағдай жиі болатынын жеткізді. Дегенмен қой сойып үйренгеніне 2-3 жыл болып қалған екен.

Аружан сурет-видеоларын Желіге неге жүктеп жүргенін түсіндірді.

"Бұл әрекеттерімді мал бақпай кеткеннен кейін сала бастадым. Менің ойымша, әрекеттерімді көрген адам ауылдың тұрмыс-тіршілігін одан әрі біле түседі. Өзіме әлеуметтік желіге салған ұнайды, қазір барлық адам атқа міне бермейді. Сондықтан әлі де ат десе жанын берер қыздар бар екенін көрсеткім келеді", - деді "Алаш қызы Аружан".

11-сынып оқушысының арман-мақсаты көп. Кейінірек ол ат баптау орталығын ашқысы келеді. 

"Көкпарға арналған аттар дайындағым келеді. Ауылдағы мал шаруашылығын дамытқым келеді", - деді Аружан.

Оның айтуынша, мектеп бітірген соң актриса мамандығын игергісі келеді.

"Мүмкіндік болса, атқа қатысы бар картиналарға түскім келеді", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТ СҮЙЕР АЛАШ АРУЫ!?? (@aruzhan_alash_kyzy)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети