20 сәуір 2022 16:30

"Аузыңды жап!" феноменіне қарсы". Қазіргі қазақ жастары қандай?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Әлихан Сариев Сурет: Әлихан Сариев

Бүгінде жастар әлеуметтік желілерде белсенді екенін көріп-ақ жүрміз. Олар елдегі, менталитеміздегі, қоғамдағы проблемаларды айтуға қысылмайды, пікір білдіруде батылдық танытады. Аға буынмен салыстырғанда түсінігі де бөлек. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтанушы Эльмира Отармен бүгінгі жастардың идентификациясы, олардың ерекшелігі, кемшілігі, болашағы және субмәдениеттер туралы сөйлесті. 


Бүгінде жастар әлеуметтік желілерде белсенді екенін көріп-ақ жүрміз. Олар елдегі, менталитеміздегі, қоғамдағы проблемаларды айтуға қысылмайды, пікір білдіруде батылдық танытады. Аға буынмен салыстырғанда түсінігі де бөлек. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтанушы Эльмира Отармен бүгінгі жастардың идентификациясы, олардың ерекшелігі, кемшілігі, болашағы және субмәдениеттер туралы сөйлесті. 

2022 жылдың жастары қандай? 

Жастар деп 29 жасқа дейінгі адамдарды айтамыз. Олардың өзін бүгінде екіге бөледі - миллениал (1981-1996 жылғылар) және Z ұрпағы (1997-2012 жылғылар). Эльмира Отардың сөзінше, қазіргі жастар цифрлық өзгерістерге, жаңа өмір талаптарына бейімделгіш, білімге құштар. Себебі жастардың өмір сүру салты, стилінің өзі жаңа білімге мұқтаж.

"Заманауи ақпараттық қоғамда жастар ақпаратты тез сіңіріп, тез бейімделуге міндетті. Қазір бізде фрилансерлік жақсы дамыған. Біздің ата-аналар өмір бойы бір жұмыста істеді. Олар кәсіптік мансабы белгілі өмір ағымында өмір сүрді. Қазіргі жастарда бәрі өзгеше, олар бейімделу арқасында бәсекеге қабілетті болады. 

Жастар бір жұмыстан екінші жұмысқа, бір саладан басқа салаға ауысуы еш қиындық тудырмайды. Саладан салаға ауысқанның өзі білімқұмарлықты, бейімделгішті талап етеді", - дейді ол. 

Жастар жалқау ма?  

Әлеуметтанушы жастардың бұл қасиетін жалқаулықпен байланыстырмайды. Керісінше, цифрлық заманауи өмір осындай қасиетті талап ететінін айтады. Яғни олар өзіне қажет ақпаратты ғана сіңіреді және жұмыс істейді.

"Олар өмірде не қажет екенін біледі және мақсат қоя алады. Соның жолында еш нәрсеге кідірмей, тәжірибе алуға ғана дайын. Артық ақпаратқа уақытын жұмсағысы келмейді", - дейді Эльмира Отар. 

Тәуелсіздік жылдарындағы жастармен айырмашылық бар ма? 

Маман бүгінде шекара жойылып бара жатқанын айтады. Жылдан-жылға ойлау санасындағы, физикалық, территориялдық шекаралар жоғалып барады. Мысалы, осы жерде отырып шетелде жұмыс істеу немесе керісінше, шетелде жүріп Қазақстанда жұмыс істеуді осыған жатқызады. 

Эльмира Отар жастар жаңашылдыққа үйір екенін де айтты. Бұл субмәдениеттер арқылы көрініс тауып жатыр. Әлеуметтанушы бұған қарсы емес, себебі оны өткінші құбылыс деп есептейді. 

"Кейде жаңа және жағымсыз ақпаратты сүзгіден өткізуге шамасы жетпейді. Субмәдениеттерді де қабылдап жатады. Шашын бояйды, киім киісі түсініксіз, қыз ба, ұл ма белгісіз деп ересектер таңғалып жатады. Бірақ бұның бәрі өткінші деп ойлаймын. Максимализммен бәрін қызықтап көріп, өз тәжірибесінде белгілі бір қатеге ұрынып, үйренетін кезең болады. Ол қазақстандық жастарға да тән, ол дұрыс деп ойлаймын. Ең бастысы, сол кезеңдерде ата-анасы, білім алып жатқан ортасы шектен тыс кетпеуін қадағалауы тиіс", - деді ол.

Әлеуметтанушының пікірінше, бүгінгі жастар қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын біледі. "Өмірлік ұстанымдары бар, отбасы құндылықтары сақталған. Бірақ алдыңғы ұрпаққа қарағанда мәдени ұжымдық сана, ортақ ұжымдық санадан арылып келе жатыр". Көбіне индивидуализмге бой тартқан дейді.

"Заман талабына сай әдет-ғұрыптарды дәріптейді, мақтан тұтады. Брендтер де қазақша нақышталып жатыр. Қазақы нақыштағы киімдерді кигенді ұнатады. Белгілі бір идентификация, бірегейлендіру сақталған", - дейді ол.

Эльмира Отар жастардың шетелге ұмтылысы туралы да ой қозғады.

"Олар қазақстандық саясатқа негатив көзқараста. Жаңа Қазақстаннан үміт күтетіндер де бар. Бірақ сонда да сенімсіздік көрінеді. Екіден үшінің ойы шетелге магистратураға түсу, не сонда жұмыс істеу. Бұл Қазақстандағы экономикалық саяси ахуалдардың әсері деп ойлаймын", - деді әлеуметтанушы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Маман TikTok-та қазақ жастарын бақылап жүретінін айтып, олардың бұқаралық түрде өз пікірін білдіруі дұрыс деп ойлайтынын айтты.

"Қазақстан жастарының өз пікірі, ойының болуы керемет. Жағымды да, жағымсыз да нәрселерді айтып көрсетуі, әжуалап жеткізуі, сыни көзқарастың болуы - өмірге деген дұрыс көзқарасының қалыптасып келе жатқанын білдіреді. Жастарымыз болашақта жақсы қоғам құратынын түсінуімізге болады.

Олардың әлеуметтік желілер арқылы пікірін білдіруі қазіргі ересектердің ұрпағына қарағанда конформизмнен алшақтап бара жатқанын байқатады. Көп затпен келіспейді, өзінше болғанын қалап, оны орындауға дайын", - дейді маман. 

Жастар мен аға буын арасындағы түсініспеушілік неден туады? 

Бүгінгі жастар мен аға буын арасында, яғни ұрпақтар арасындағы конфликт болған, бола да береді. Себебі жастар мен аға буын өкілдерінің түсінігі басқа, дейді әлеуметтанушы. 

"Бізге де кезінде "Қазіргі жастар қайда бара жатыр, не болады екен?" дейтін. Сол сияқты біз де ата-ана болып отырмыз. Сондықтан бірін-бірі түсінбеушілік қоғамға тән. Ол дұрыс зат. Себебі қоғам өзгереді. Жас үлкейген сайын аға буынның өзгерістерге бейімделу деңгейі жастарға қарағанда баяулау", - дейді Эльмира Отар. 

Әлеуметтанушы олар "Аузыңды жап!" феноменіне қарсы екенін де айтты. 

"Жастар үлкендермен келісе бермейді, өз пікірі бар, оны ашық айтады. Ділімізге сай үндемей қалу жоқ. "Аузыңды жап!" феноменіне қарсы. Өз пікірін 100 пайыз ақиқат деп санайды және соны әрқашан дәлелдеуге дайын. Сол себептен аға буынмен келіспеушіліктер шығып жатады", - дейді ол. 

Маман осы тұста өзі байқап, бақылап жүрген жастардың кемшілігін бөрісті.

"Байқауым бойынша, жастар сынды жақсы көрмейді. Олардың ыңғайын табу керек. Жұмысына, іс-әрекетіне сын айтқан кезде олар максимализммен бәрін кері қабылдайды. Оны да түсіністікпен қарап, ақылмен, байыппен ыңғай жасау керек. Сынау, критикалық анализ дұрыс екенін түсіндіруіміз қажет. Ол өсуге мүмкіндік беретінін айту маңызды", - деп сөзін қорытындылады әлеуметтанушы Эльмира Отар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети