Авиашоу кезінде ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалды

23 Тамыз 2015, 00:58
0
Авиашоу кезінде ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалды -

Шорхэм-бай-Си қаласындағы авиашоуда болған Hawker Hunter ұшағының апатынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Sky News.

Куәгерлердің айтуынша, жойғыш ұшақ әуеде орағытпақ болған, дегенмен ол шоссеге құлады. Интернетте ұшақтың құлаған сәті түсірілген видео пайда болды.

Жедел жәрдем қызметі жеті адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза тапқандар ұшақ құлаған автотрассадағы көліктердің ішінде болған. Тағы 14 адам ауыр жараланды, біреуінің жағдайы тым ауыр.

Кей ақпарат құралдары ұшқыштың аман қалғанын жазды. Дегенмен құқық қорғау органдары мұны растаған жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай