18 тамыз 2017 09:44

Аяғы тартылып қалған ер адамның видеосы Желіні таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Энджел Бермудес Facebook желісінде жаттығудан кейін аяғының сіңірі тартылып, ауырсынып отырғаны түсірілген видеоны жариялады. Видео ойда жоқта 17 миллион қаралым жинап, шамамен 200 мың адам бөліскен. Видеодан ер адамның балтыр бұлшықетінің ойнап, тартылып тұрғаны көрінеді. 

"Жаттығудан кейін. Денем босап отырған едім, мынадай болды да қалды. Тартылып қалды. Мына бәлеге қараңыздар. Ауырады", - деп жазды Бермудес видео сипаттамасына. 

Желі қолданушылары болса видеода ер адамның аяғынан "Чужой" блокбастеріндегі құбыжықтың шыға алмай жатқанына ұқсатып, әзілдей бастады. Кейбірі бұл видеодағы әрекетті ер адамның Халкқа айналу процесі деп бағалады.

Көпшілігі ер адамның жеткілікті түрде су ішпейтінін, немесе жаттығудан кейін созылуды ұмытқанын айтып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети