27 шілде 2015 16:49

Әзірбайжанда өткен тәттілер фестивалінде Қазақстан бірінші орынды иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Елена Мащинская мұрағатынан © Елена Мащинская мұрағатынан

Әзірбайжанда өткен тәттілер конкурсында Қазақстан бірінші орынды иеленді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Аспаздар ассоциациясының президенті Елена Мащинская айтып берді.


Әзірбайжанда өткен тәттілер конкурсында Қазақстан бірінші орынды иеленді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Аспаздар ассоциациясының президенті Елена Мащинская айтып берді.

"Фестиваль екінші рет өтті, дегенмен біз алғаш рет қатысып отырмыз және бірден бірінші орынды иелендік. Қазақстандық дастархан әдемі, шынайы болды. Біз шұбатқа иленген қамырдан жасалған самса, қоспа, ірімшік, жент әзірледік. Бұлардың барлығы қантсыз, майсыз тағамдар, денсаулыққа зиян емес", - деді Мащинская.

Айта кетейік, конкурсқа Ресей, Румыния, Молдова, Сербия, Әзірбайжан, Кипр, Түркия, Франция, Қырғызстан және Индонезия елдерінің өкілдері қатысты.

"Дастарханның сәнделуі жұртшылықты таңғалдырды. Бізге өзіміз дайындаған тағамдардың пайдалы екенін айтты. Тәттілер аз болса да, олардың сапасы үздік деп танылды. Әрі ұмытылып кеткен тағамдардың мәзірлерін де біліп қайтқан жақсы", - деді ол.

Халықаралық тәттілер фестивалі Әзірбайжанның ұлттық мәдениет орталығының бастамасымен Шеки қаласында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Фестиваль форматына сәйкес жергілікті аспаздар тағамдарды қонақтардан бөлек бағалады. Нәтижесінде жүлдеге Қазақстаннан басқа Ресей, Румыния және Сербия ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети