28 қаңтар 2018 | 14:18

Билл Гейтс "супер сиырлар" үшін 40 миллион доллар бөлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP 2018 / Saul Loeb © AFP 2018 / Saul Loeb

Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс 40 миллион долларын GALVmed коммерциялық емес ұйымына аударды, бұл ұйым генетикалық зерттеулермен және үй жануарларына арналған екпелерді жасаумен айналысады, деп жазды РИА Новости агенттігі Business Insider порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, миллиардер Эдинбург университетіне барған, бұл университеттің мамандары осы жобаны қолға алатын болады. Гейтс аударған ақша "супер сиырларды" жасап шығаруға жұмсалады, ол сиырларда еуропалық және африкалық жануарларға тән ерекшеліктердің барлығы болады - қатты ыстыққа төзімділік және өнімді көп беру ерекшеліктері. 

"Жұмсалған әр доллардың жұмыс тиімділігі бұл жерде өте жоғары. Біз өміршең әрі төрт есе көп сүт беретін сиырларға қол жеткізе аламыз", деп келтірді басылым Гейтстің сөзін.

Айта кетейік, кәсіпкер бұған дейін мұндай сиырларды жасанды жолмен жасап шығару туралы ұсыныс айтқан.

Билл Гейтс қайырымдылық және ғылыми жобаларға жиі-жиі қаржы бөліп тұрады. Forbes журналының бағалауы бойынша, Microsoft компаниясының негізін салушының дәулеті 92 миллиард долларға жеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети