Бизнесмен Қайрат Құдайберген автобусқа жарнама үшін мінді деп айыптағандарға жауап берді

05 Қазан 2017, 19:04
3
Бизнесмен Қайрат Құдайберген автобусқа жарнама үшін мінді деп айыптағандарға жауап берді - © facebook.com/KudaibergenKairat
© facebook.com/KudaibergenKairat

Әлеуметтік желілерде бизнесмен Қайрат Құдайбергеннің Алматы қаласындағы автобустардың бірімен жол жүргені түсірілген суреттер жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айтуынша, ол соңғы бірнеше айдан бері қоғамдық көлікпен жүреді. 

"Бір апта бұрын №63 бағыттағы автобусқа міндім. Бұл менің шешімім. Қоғамда не болып жатқанын, адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын көру үшін аптасына бір рет автобуспен жүремін. Сондықтан жүргізушіге 150 теңге төледім. Одан "Бәрі төлей ме?" деп сұрап та көрдім. Бірақ ол адамдардың картаны терминалға жақындататынын, бірақ төлем ылғи да жасала бермейтінін айтты", - дейді бизнесмен. Ол әл-Фараби даңғылының бойындағы Ремизовкадан Гоголь мен Фурманов көшелерінің қиылысына дейін барғанын, ары қарай үйіне жаяу жеткенін айтты.

Сонымен қатар, Қайрат Құдайберген автобуспен жүргенде қандай әсерде болғанын айтты.

"Қоғамдық көлік жақсарып келеді. Бұл тұңғыш рет жол жүріп тұрғаным емес. Халық қоғамдық көлікке отыра бастады, бұл бір трендке айналып жатыр. Бұрынғыдай адам лық толы емес. Бұрын адамдар есікке қысылып қалып жататын, құлайтын. Ал қазір автобус арнайы жолақпен межеге тез жетеді. №63 бағытындағы автобуспен бала кезден бері жүремін", - деді кәсіпкер.

Айтуынша автобусқа ол оққағармен мінбеген. "Бұл күлкілі әңгіме ғой. Мені суретке түсіріп тұрған адамды байқамаппын. Түсіргенін білсем, қой деп айтар едім. Мұны пиар дейтіндерге келсек, әркім өз ойынан хабар береді. Басқа не деймін. Өте ауыр сұрақ. Дұрыс сұрақ емес. Іші бос адамдардың осындай сөз жазатыны ұнамайды. Бұл дұрыс емес қой. Әркімнің өз жолы болуы керек, ол дұрыс жол болсын. Өзім үшін осындай шешім қабылдадым. Бұл біреу үшін, бірдеңе үшін жасалмайды. Автобуста қандай әсерде болар екенмін деп ойладым, дәнеңе де жоқ, күнделікті жағдай. Сол заманнан бері дым да өзгермегенін түсіндім. Өзін бай деп есептейтін адамның осындай істер жасағаны дұрыс деп ойлаймын", - дейді ол.

Айтуынша, ол өзін баймын деп есептемейді. "Байлық - бірінші кезекті менің отбасым, ал қалғаны қосымша. Байлық бүгін бар да, ертең болмауы мүмкін. Ал адамның сезімі мен өзара қарым-қатынасы сақталуы керек және бірінші кезекте тұруы тиіс. Ал бұдан жаңалық жасап жіберді. Мен әрдайым қызыммен троллейбуспен жүретінбіз, трамвайға отыратынбыз. Бұл отбасылық жағдайлар ғой, балаларымның автобуспен де жүруге болатынын білгенін қалаймын. Балаларымды еңбектің не екенін түсініп өссін деп тәрбиелеймін", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай