БҚО-да өрт сөндіруші мешіт маңында табылған миллион теңгені иесіне қайтарды

07 Ақпан 2018, 12:28
0
БҚО-да өрт сөндіруші мешіт маңында табылған миллион теңгені иесіне қайтарды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндіруші мешіт маңында табылған миллион теңге ақшаны иесіне қайтарды, - деп хабарлайды "Мой город" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аманбай Нәжмиддинов туыстарына қонаққа бара жатқанда Тасқала ауылындағы мешіттің маңынан ақшасы бар әмиянды тауып алған.

"Сол маңнан өтіп бара жатқанда жерде әмиян жатқанын байқап қалдым. Әмиянды алдым да ішінен иесінің нөмірлерін іздей бастадым. Сондай-ақ, онда ірі көлемдегі ақша, жеке куәлік, шетелге шығу төлқұжаты мен тағы басқа заттар болды. Әмиянды қалтама салып, әрі қарай кете бердім. Туыстарыма барлығын айтып бердім, сосын әмиянды тағы бір қарап шығып едім, иесінің нөмірін таптым. Соған хабарластым, ол келесі күні келіп, маған алғысын айтып, әмиянын алып кетті", - дейді Аманбай Нәжмиддинов.

Кейінірек әмиянның Тасқала ауданының тұрғыны Ілияс Сариевке тиесілі екені анықталды.

Аманбайдың айтуынша, әмиянда иесінің ғана емес, тағы бірнеше адамның жалақасы болған.

Сондай-ақ, Аманбайдың осы ісі жайлы Ілияс Сариевтің әйелінің БҚО ТЖД басшысы Жасұлан Жұмашевқа өрт сөндіру қызметкерінің әрекетін марапаттау жайлы алғыс хат жазғаннан кейін ғана белгілі болғаны айтылады. Ал Аманбайдың өзі "Біреудің ақшасы біреуге бақыт әкелмейді" деген пікірді ұстанады екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай