Британдық жасөспірім ұялы телефонмен аруақты суретке түсіріп алды

24 Маусым 2014, 09:56
0
Британдық жасөспірім ұялы телефонмен аруақты суретке түсіріп алды - © Mitch Glover
© Mitch Glover

"14 жасар британдық тинейджер Митч Гловер Францияның солтүстігіндегі Невиль-Сен-Вааст қаласындағы неміс әскерилерінің қабірстанын мектеп экскурсиясымен аралап жүргенде байқаусызда аруақты ұялы телефонға суретке түсіріп алған" деп хабарлайды Tengrinews.kz Mail Online басылымына сілтеме жасап.

Экскурция кезінде жасөспірім өзінің iPhone ұялы телефонымен қабірстан ішін бірнеше рет суретке түсірген. Кейіннен, түсірілген суреттерді қарап отырғанда, суреттердің бірінен шотлан әскерінің формасында, қолына қару ұстаған адамға ұқсас ақшыл бейнені байқаған. Қалған суреттерде аруақ байқалмайды.

Соңынан, бұл жердің тарихымен танысқанда Митч бұл қабірстанға Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында 1917 жылдың 9 сәуір күні өлім құшқан шотландық The Seaforth Highlanders полкінің әскерилері де жерленгенін білген.

Невиль-Сен-Вааст Франциядағы неміс әскерилері жерленген ең ірі қабірстан болып табылады. Бұл жерге 40 мыңнан астам сарбаздар мен офицерлер жерленген. Олардың басым көпшілігі Артуа мен Аррас үшін болған шайқаста ажал құшқан.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай