Дәрігерлер Үндістан тұрғынының 18 сантимерлік құйрығын кесіп алды

06 Қазан 2016, 17:22
0
Дәрігерлер Үндістан тұрғынының 18 сантимерлік құйрығын кесіп алды -

Үндістанның Махараштра штатындағы жас жігіттің өмір бойы жасырып келген 18 сантимерлік құйрығы алып тасталды, - деп жазады Lenta.ru Metro басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, үнді жігіті ата-анасының нұсқауымен өсіндіні киімімен жасырып келген. Себебі жігіттің ата-анасы ол өсіндіні жақсылықтың нышаны деп санаған. Жігіттің айтуынша, ол 18 жасында ота жасатуға шешім қабылдаған. Өйткені өсінді оған отырып-тұруға және ұйықтауға кедергі келтірген.

Айта кетейік, үнді жігітінің бұл өсіндісі туғаннан бері бар екен. Алайда оның ата-аналары ұлына ота жасатудан бас тартқан. Жігітке ота жасаған дәрігер Прамод Джиридың (Pramod Giri) айтуынша, ота сәтті өтті. Сондай-ақ, дәрігер мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отырғанын айтты. 

2015 жылдың тамыз айында Үндістанда алыптықтан зардап шегетін 8 жастағы Мохаммад Калимге (Mohammad Kaleem) оң қолын кішірейту үшін соңғы ота жасалғаны хабарланған болатын. Оған 2014 жылдан бері бірнеше рет ота жасалған екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай