25 шілде 2018 14:35

Димаш Ниязовтың қалыңдығы Дженнифер Хорват. Instagram желісінен суреттер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/sk1ttlezz © instagram.com/sk1ttlezz

Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов Дженнифер есімді қызға үйленді. Tengrinews.kz тілшісі қазақ полицейдің қалыңдығының Instagram желісіндегі парақшасынан cуреттер ұсынады.


Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов Дженнифер есімді қызға үйленді. Tengrinews.kz тілшісі қазақ полицейдің қалыңдығының Instagram желісіндегі парақшасынан cуреттер ұсынады.

Дженнифер әлеуметтік желідегі парақшасында лав-сториі түсірілген бірнеше суреттерді жариялаған. 

Димаш пен Дженнифер 2008 жылдың қыркүйегінде танысқан екен. Сондай-ақ, жарияланған суреттерден қалыңдықтың госпитальде медбике болып жұмыс істейтінін көруге болады.

Бірақ Дженнифер Димашпен бірге түскен суреттерін 2013 жылдан бастап жариялаған.

Әлеуметтік желідегі парақшаға қарағанда, Димаш пен Дженнифер үнемі бірге саяхаттап, тематикалық кештерге барады. Сондай-ақ, Дженнифердің Димаш қатысқан жекпе-жектерге де баратынын байқауға болады.

Айта кетейік, қазақстандық Димаш Ниязов полиция болып қызмет етуден бөлек бокспен айналысады.

Үйлену тойы 2018 жылдың шілдесінде Гавай аралдарында өтті.

Осыған дейін Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязовтың үйленгені жайлы хабарланған еді. Неке қию рәсімі кезінде түсірілген видеоны Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Ол қатты қобалжығанын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети