Екі жасар қазақ қыз актерлік шеберлігімен Қазнетті таңғалдырды

15 Шілде 2015, 17:38
0
Екі жасар қазақ қыз актерлік шеберлігімен Қазнетті таңғалдырды - © aiguldid/Instagram.com
© aiguldid/Instagram.com

Екі жасар алматылық Дина Манарбек Instagram-ның қазақстандық сегментінің қолданушыларын өзінің актерлік шеберлігімен баурап алды.

Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы Айгүл оның әсершіл әрі жайдары бала екенін айтты.

"Әртістік туралы айтатын болсақ, мен оның ересектерге еліктейтінін байқадым - көз қарас, эмоция, қимыл және мұның барлығы өте күлкілі көрінеді. Мен оны камераға түсіре бастадым. Бірінші видеолар жаман шықпаған сияқты, оның өзіне де қызық болды, ал қазір қашады. Басында барлығын өз парақшама ғана салатынмын, кейін достарым видеоқалжыңдарды жіберуге кеңес берді. Динаның көпшілікке бірден ұнағанына таңғалдым. Араларында Дина шабыт сыйлаған суретшілер де бар", - дейді Айгүл.

"Дина үйде отырғанды жақсы көреді, баққа шықпайды. Үйде барынша дамимыз. Ол өте сезімтал әрі жайдары, бірақ өте қырсық қыз, өзінің кенже екенін сезетін сияқты. Дина ұшқалақ әрі белсенді, ешқашан бір орында отырмайды, серуендегенді жақсы көреді, үйге шулатып кіреді. Жануарларды жақсы көреді, әсіресе мысықтар мен көжектерді, көгершіндердің артынан қуғанды ұнатады", - дейді қыздың анасы.

Динаның мына видеосын әлеуметтік желі қолданушылары кеңінен таратты.

Қазір қысқа видеофрагменттер түрлі Instagram-аккаунттарында жарияланып, 20 мыңнан аса лайк жинайды. Қолданушылар алматылық бүлдіршіннің актерлік шеберлігіне тәнті болған.

Қыздың анасының айтуынша, Дина кейбір суретшілердің шабытын оятқан.

Дина түскен роликтер әлеуметтік желіде танымал бола бастады.

Динаның анасы роликтерді Instagram-да да жариялайды. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай