20 тамыз 2019 10:23

Ер адам тойда құлап, қалыңдығын ұмытып қалған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шотландияда ер адам тойда құлап, жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Scottish Daily Record жазды, - деп хабарлайды РИА Новости


Шотландияда ер адам тойда құлап, жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Scottish Daily Record жазды, - деп хабарлайды РИА Новости

Уэст-Лотиан облысының тұрғыны Крис Мэллон қонақүй портьесіне сыйлықтарды жас жұбайлардың бөлмесіне апаруға көмектесіп жүрген. Нәтижесінде 3,7 метр биіктіктен құлап түскен. 

Ер адамның бас сүйегі, арқасы, қолы және иығы сынған, сондай-ақ, жүрек пен өкпені зақымданды. Дәрігерлер оның жағдайын көлік апатынан кейін тірі қалған адамдармен салыстырды.

Мэллон реанимацияда он күн жатқан. Ал оянған соң, дәрігерлер кей нәрселер оның есінде жоқ екенін анықтаған. 

"Мен оның өз-өзіне қалай келгенін көрдім, ол қатты ұялып тұрды, себебі біздің ерлі-зайыпты екенімізді білмейді", - дейді оның әйелі Аврил. 

Кейін жұбайына өздерінің тойын есіне салу үшін Аврил екеуі билеген өлеңді айта бастады. Сонда ер адам оған қосырып, болған жайт есіне түсе бастаған.  

Содан кейін Крис бірнеше апта дәрігерлердің бақылауында болған. Оның өкпесі қабынып, тыныс алатын арнайы аппарат қосуға тура келген.   

Дәрігерлердің бастапқы болжамы бойынша, ер адамға қалпына келу үшін жарты жыл керек болған. Бірақ бір айдан соң ол үйіне қайта алатын жағдайда болған.  

Әзірге Мэллонға спортпен айналысуға, қарқынды қозғалуға тыйым салынған. Оның сол құлағы естімейді және дәм сезбей қалған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети