16 тамыз 2021 14:35

Есіл өзенін тазарту: оқушы ұсынысына Нұр-Сұлтан әкімдігі жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

16 жастағы мектеп оқушысы елорданың Есіл өзенін тазартқысы келеді және сол үшін ғылыми жоба әзірлеген. Әлеуметтік желілерде астаналықтар жобаны қолдады, ал жас ғалым келіссөз жүргізу үшін Нұр-Сұлтан әкімдігіне шақырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


16 жастағы мектеп оқушысы елорданың Есіл өзенін тазартқысы келеді және сол үшін ғылыми жоба әзірлеген. Әлеуметтік желілерде астаналықтар жобаны қолдады, ал жас ғалым келіссөз жүргізу үшін Нұр-Сұлтан әкімдігіне шақырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұртөре Арынұрұлы бұл туралы осыдан екі жыл бұрын АҚШ-қа барған кезде ойланғанын айтты. Бірақ ол жобаны құруды биыл мамырда бастаған.

"Жазда шомылатын жер іздедік, бірақ Есілден орын таба алмадық, өйткені өзен өте лас және шомылатын орын жоқ, ал қалалық жағажай адамға толы және бос орын аз. Мен бұл мәселені шешкім келді. Ата-анам мені қолдады. Сөйтіп, қабыршақтарды іздей бастадым. Достарыма да жобаның маңызын түсіндірдім, олар да түсінді", - деп бөлісті оқушы.

Нұртөре зерттеулер жүргізіп, табиғи сүзгі қызметін атқаратын қос сүзекті ұлулар Есіл өзенін мекендейтінін білген. Бірақ олардың саны өте аз және өзен қатты ластанған.

"Қыста мидия өлмейді. Олар орта есеппен 10-16 жыл өмір сүреді және инкубаторға қарағанда баяу болса да, өздігінен көбейеді.

Оларды өсіріп, Есіл өзеніне жібере салу пайдасыз, өйткені өзен ластанған. Оны тазарту үшін бірнеше мың ұлуды үнемі жіберіп отыру қажет болады. Біраз уақыттан кейін, олар күшейіп, өзенде көбейе алатын болса, онда бұл жоба толығымен жүзеге асады. Барлығы 800 мыңға жуық ұлу қажет болады", - деп түсіндірді Нұртөре.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Esil Marjany (@esil_marjany)

Оқушы өз идеясын әлеуметтік желілерге жариялаған, ал астаналықтар Нұртөреге белсенді түрде қолдау көрсеткен. Біраз уақыттан кейін оны әкімдікке шақырды.

"Мені әкімдікке қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева шақырды. Біз жобаны одан әрі дамыту, экологияға әсер ету, жастарды жобаға тарту және оны қолдау туралы әңгімелестік. Ресми келісімдер болған жоқ, біз жобаға мамандар мен бейінді инженерлерді қосылу туралы келістік", - деп бөлісті Нұртөре.

Әкімдік баспасөз қызметі департамент ұсынылған жобаға қызығушылық танытқанын айтты.

"Оны жүзеге асыру үшін осы саладағы құзыретті мамандарды тарта отырып, жобаны талдауға, ғылыми-техникалық зерттеулерге көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, оушының өтініші бойынша мектептер мен университеттерге Нұртөре жүргізген алгоритмдер мен тәжірибені қолдана отырып, ұлу өсіру жобасын зерттеуге жағдай жасау мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Алайда, кейінірек Нұртөре әкімдіктен қоңырау түскенін және жобаны қаржыландырудан бас тартқанын айтты. Әкімдік әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.

"Желідегі бұл жоба тұрғындардан басқа ешкімді қызықтырмайды деген әзіл ең күлкілісі болды", - деп қосты ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Esil Marjany (@esil_marjany)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети