19 наурыз 2016 20:23

Фастфуд сататын әлемдік желі гамбургер мәзіріне қазыны қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фастфуд сататын әлемдік желі гамбургер мәзіріне қазыны қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Фастфуд сататын әлемдік желі гамбургер мәзіріне қазыны қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KFC жылдам ас әзірлейтін мейрамханалар желісінің Қазақстандағы филиалы мәзіріне сэндвичі мен гамбургерлері - "Сандерс", "Классик", "Твистер" сияқты тағам түрлеріне ұлттық ингридиенттерді қосты. 

Caspian International Restaurants Company компаниясының өкілі Айжан Шорманның айтуынша, мұндай жаңашылдық Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында енгізіліпті. Гамбургерлерге қосылатын қазы Алматы облысынеда дайындалады екен. Шорманның айтуынша, қазақтың ұлттық асханасының элементтері бар гамбургерлер өзге елдердегі мейрамханаларда сатылмайды.  

"Бұл ерекше ұсыныс Қазақстанның KFC ашылған қалалары, яғни Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында ғана. Басқа да ұлттық асхана элементтерімен тамақ әзірлеуді жоспарлап отырған жоқпыз, қонақтардың қалай қабылдайтынын байқап көреміз. Қонақтарымызға ұнаса, қазы қосылған қосымша астарды қосу мүмкіндігін қараймыз. (...) Жаңарған мәзірді енгізу алдында компания ішкі тестілеуді және көптеген тәуелсіз тексерістерді өткізеді, себебі олар қонақтарға ұнауы керек", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети