Франциядан Алматыдағы тиіннің сыңары табылды

13 Тамыз 2018, 18:03
0
Франциядан Алматыдағы тиіннің сыңары табылды - ©Tengrinews.kz фотоколлажы. Фото: instagram.com/marat_bisengaliev, tengrinews.kz
©Tengrinews.kz фотоколлажы. Фото: instagram.com/marat_bisengaliev, tengrinews.kz

Алматыдағы тиіннің сыңары Францияда табылды. Қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиев Франция қалаларының бірінде үлкен мүсінді суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Музыканттың айтуынша, мүсін Бордо мен Нант қалаларының ортасындағы Пюи-дю-Фу ойын-сауық саябағында орналасқан. 

"Бұл қарапайым ағаштан жасалған жұмыс. Ондайды қалада, балабақша мен басқа да адам көп жүретін жерлерде жиі кездестіруге болады (осылайша жергілікті билік делитанттарға еркін ойын білдіргізетін сияқты). Еуропада тиіннің бейнесін алғаш көрдім, сондықтан телефоныма түсіріп алдым. Жұмыс "ғажайып" деп айта алмаймын, бірақ кесілген ағаш пайдаға жараған. Атакенттегі тиіннің идеясы өзгеше, талғамсыз болса да, халықтың реакциясына қарап, өзін ақтады десе болады", - дейді Бисенғалиев.

Мүсіндегі тақтайшада былай деп жазылған:


©Марат Бисенгалиев

Еске сала кетейік, алып тиін шілденің басында Алматыдағы "Атакент" ҚІЫО-да пайда болған. Ерекше арт мүсін 23 миллион теңгеге жасалғаны анықталған. Жоба авторы - Алекс Ринслер.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай